Жаңалықтар
Астана спортшылары халықаралық турнирде топ жарды

2026 жылдың 29 наурызы мен 4 сәуірі аралығында Түркістан қаласында ITF J30 Turkestan халықаралық теннис турнирі өтті.
Аталған жарыста Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 Ниеткалиев Ансар – жекелей разрядта 1 орын
🥇 Ниеткалиев Ансар / Юрекли Даниэль – жұптық разрядта 1 орын
🥇 Малышева София – жұптық разрядта 1 орын
🥈 Актан Гаухар – жұптық разрядта 2 орын
Елорда спортшылары халықаралық аренада өз шеберліктерін дәлелдеп, Астана қоржынына кезекті медальдарды салды.
Спортшыларымызды және жаттықтырушыларын жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!




