Жаңалықтар
Астана самбошылары ел чемпионатында жарқырады

2026 жылдың 9–11 ақпан аралығында Қарағанды қаласында самбо және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Додаға еліміздің 19 командасынан 515 спортшы қатысып, жоғары деңгейдегі тартысты белдесулер ұйымдастырылды.
Астана қаласының спортшылары ел біріншілігінде лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
🥇 1-орын:
•Сәтова Аружан (65 кг)
🥈 2-орын:
•Габдулманап Ерасыл (+98 кг)
•Оразбекова Наргиз (+80 кг)
•Сулейменов Айбек (71 кг)
🥉 3-орын:
•Зварун Каталина (54 кг)
•Құлынтай Фариза (65 кг)
•Тұрсынақынова Толқын (+80 кг)
•Халкабаев Жасұлан (+98 кг)




