Жаңалықтар
«Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы» КММ басшысы Олжас Акимов Сербияда өткен шахматтан мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздарын қабылдады.

Ел мақтаныштарын салтанатпен қарсы алу іс-шарасынан кейінгі кездесу аталған мекемеде өтті.
Қазақстан құрамасы сапында елорда шахмат шеберлерінің бірі де бірегейі 7 жасар Абдул Малик Қайрат пен Малика Жапарбекова (15 жас) аса шеберліктерімен көзге түсті.
Мекеме басшысы алтын медаль иегері жас талант Абдул-Маликтің атасы мен анасына алғысын білдіріп, жеке бапкері Бахтияр Нугумановты құттықтады.
«44 елден келген 470 қатысушының ішінде біздің қазақстандық балалар керемет ақыл-ой, ерік-жігер мен керемет шеберліктерін танытты», – шахмат Федерациясының атқарушы директоры Алтынай Дустаева.