Жаңалықтар

ӘМІР МАЙМҰРАТОВ СПОРТТЫҚ ҚҰЗҒА ӨРМЕЛЕУДЕН ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА ҮМІТКЕР

19-23 маусым, Венгрия астанасы Будапештте спорттық құзға өрмелеуден лицензиялық турнир өтеді.
Елордалық спортшы Әмір Маймұратов жылдамдық дисциплинасында өнер көрсетіп, Олимпиада жолдамасы үшін бақ сынайды.

Осы орайда, «Астна қаласының спортты дамыту дирекциясы» басшысы Олжас Акимов, қызметтік демалыс кезеңінде спортшының жаттығу процесіне қатысып, маңызды жарыс алдында жауынгерлік рухына қолдау білдіру үшін арнайы барды.

Кездесуде, Әмірге басшының арнау өлеңдерінен «Батырлар» тақырыптарындағы өлеңдері серпін берді. Белгілі болғандай, Әмір спортшымыздың өзі де батырлар ұрпағы екендігі айқын көрінді.
Ендеше, Әмір спортшымызға сәттілік тілейміз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button