Әлем мойындаған Абайдың ұлылығы – әлеуметтік желіні жарды.
Әлем мойындаған Абайдың ұлылығы – әлеуметтік желіні жарды.
Бүгін елордамызда орналасқан Абай ескерткішінің алдында Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Абай әлемі» атты рухани танымдылық әдеби мерекелік іс-шарасы өтті. Аталмыш іс-шара ақынның «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңін Ләйлімнің мәнерлеп оқуымен өрбіді. Естеріңізге сала кетсек, Ләйлім – ұлы Абайдың 175 жылдығына арнап өлең оқу эстафетасын елбасымызға тікелей жолдаған 9 жастағы мектеп оқушысы. Ұйымдастырушылар Абайдың шығармашылығымен танысу, талдау және насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпақ бойында отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмді қалыптастыруды мақсат етсе, бүгінде еліміздің түгел дерлік үлкенді-кішілі азаматтары мен азаматшалары өлең оқу эстафетасын жарыса орындаған болатын. Бұл –қуаныш, бұл – мақтаныш! Әлем мойындаған Абайдың ұлылығы – әлеуметтік желіні жарды.