Жаңалықтар

Әлем чемпионына төтеп бере алмады

Шахматтан халықаралық Women’s Speed Chess Championship Гран-при турнирінің финалына шыққан спортшылар белгілі болды. Онлайн бәсекенің төртінші кезеңіндегі финалға ресейлік Александра Костенюк пен әлемнің төрт дүркін чемпионы қытайлық Хоу Ифань шықты. Турнирдің жартылай финалына жолдама беруші бәсекеде қандасымыз Жансая Әбдімәлік финалға шыққан қытайлық Хоу Ифаньмен кездескен болатын. Отандасымыз қытайлық спортшыға лайықты қарсылық көрсеткенімен, жеңіске жете алмады. Қо­рытынды есеп – 7,5-3,5.Айта кетейік, әр Гран-при кезеңінің қаты­су­шылары иеленген орнына сәйкес ұпай жинайды. Турнирдің үш кезеңі бойынша ең көп ұпай жинаған екі шахматшы суперфиналға шығады.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button