Жаңалықтар

Әлем чемпионатында астаналық шахматшы күміс жүлдегер атанды

3-17 қазан аралығында Албанияның Дуррес қаласында 14-18 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында шахматтан Әлем чемпионаты өтті.
Байрақты бәсекеге әлемнің 83 елінен 811 спортшы қатысты.
Ел намысын қорғаған астаналық спортшы Нұрғалиев Сауат 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында білікті өнер көрсетіп, күміс медаль иегері атанды.
Бұл жетістік – елордалық шахмат мектебінің жоғары деңгейінің және жас спортшылардың кәсіби шеберлігінің дәлелі.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button