Жаңалықтар

Айбек Оралбай жартылай финалда

Бибосынов пен Оралбай жартылай финалда. Дәл қазір Германияның Кельн қаласында бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр. Оған еліміздің атынан 8 спортшы аттанды. Мырзағали Айтжанов пен Асқар Еркебаев бастап бапған жігіттер алғашқы жарыс күнін сәтті өткізді. 91 келіге дейінгілер арасында Айбек Оралбай Бельгиялық қарсыласын жеңіп, жартылай фнилаға жолдама алды. Артынша Сәкен Бибосынов та осындай жетістігімен қуатты. Ол жеңіл салмақта жергілікті боксшымен жұдырықтасқан еді. Ал, 69 келдегі Асланбек Шымбергенов, өкінішке орай, германиялық спортшыға есе жіберді. Қалған боксшылар бүгін шаршы алаңға шығады. Германиялағы турнир 15-ші наурызға дейін жалғасады.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button