Жаңалықтар

Әділбек Мусин VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында алтыннан алқа тақты

Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан қоржынына жүзуден алтын медаль түсті.

Ерлер арасында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Ұлттық құрама көшбасшысы Әділбек Мусин алтынды жеңіп алды. Жеңімпаздың уақыт көрсеткіші – 23.85 секунд.

🥈Сондай-ақ Қазақстан ерлер құрама командасы жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Отандастарымыз 4×200 метрге еркін стильде жүзу эстафетасында екінші орынды иеленді. Бұл сында ел намысын қорғаушы құрама қатарында елордалық Әділбек Мусин бар.
Бірінші орынды Түркия, ал үшінші орынды Иран құрамасы иеленді.

📸 Тұрар Қазанғапов

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button