Жаңалықтар

27 шілде күні жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар

27 шілде күні жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар

Алғашқылардың бірі болып сағат 11:55-те академиялық ескек есудің іріктеу кезеңінде Владислав Яковлев бақ сынайды. Одан кейін 13:55-те дзюдошылар Елдос Сметов (60 келі) пен Абиба Абужақынова (48 келі) сынға түседі.

Оқ ату спортының іріктеу кезеңінде Ирина Юнусметова мен Никита Чирюкин жарыс жолына шықса, теннистен жекелей сында Александр Бублик пен Юлия Путинцева Олимпиада ойындарындағы қарсыластарымен алғашқы кездесулерін өткізеді.

Үстел теннисінен ұлттық құрама көшбасшысы Кирилл Герасименко өнер көрсетсе, велошосседен Алексей Луценко бақ сынайды. Сондай-ақ бокстан 63,5 келі салмақта Мұхамедсабыр Базарбайұлы шаршы алаңға шығады.
https://www.instagram.com/p/C96cnSjtuc0/?igsh=dWZ6ZHhoNTNqNzR0

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button