ЖаңалықтарМекеменің мәдени өмірі

2017 жылдың 20 желтоқсан айында «Толағай»ЖСШМ»-де үлкен жиын!

2017 жылдың 20 желтоқсан айында «Толағай»ЖСШМ»-де үлкен жиын өтті. Басшымыз Данияров Багдат Болатович мектептің жыл бойынша атқарған жұмыстарын қорытындылап іс-шара өткізді. Жиналыс заманауи деңгейде өтті: әр спорт түрлері бойынша жеке-жеке кішігірім анықтама, қағаз және слайд түрінде болды. Жиналысқа Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Б.Б. Маржикпаев, «ОРДО»-ның директоры Дрютов Н.С. және спорт ардагерлері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушылар Асаубаев А.А., Хван А.Т. қатысуымен өтті. Жиналысымыздың басты мақсаты 2017 жыл бойынша үздік спортшы, үздік жаттықтырушы, номинацияларының жеңімпаздарын марапаттау.

Жоғарыда айтылып кеткендей үздік спортшыларымыз: Сатбаев Дидар, Кулманбетов Айдос, Кенбеил Ажар, Муратов Алижан, Дзеранов Георгий, Шағбан Ерлан, Склярова Елена, Лукашевич Виталий.

Құттықтаймыз!
#Астанаспортивная #АсетИсекешев #Астана #Казахстан #Астана_Акимат#smileAstana

 

Ұқсас мақалалар

Back to top button