Жаңалықтар
Астаналық баскетболшылар Азия кубогының күміс жүлдегерлері атанды

2026 жылдың 13–19 шілде күндері Тайландтың Бангкок қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасында баскетболдан Азия кубогы өтті.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен елордалық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, жарыстың күміс жүлдесін жеңіп алды.
Ұлттық құрама құрамында өнер көрсеткен астаналық баскетболшылар:
* Ыбрай Кәусар;
* Сатжанова Қарақат;
* Шмакова Юлия;
* Ерлан Шахида.
Ел намысын абыроймен қорғап, халықаралық додада жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды және жаттықтырушылар құрамын құттықтаймыз!





