Жаңалықтар
Астаналық спортшылар асық атудан ел біріншілігінде жүлделі орындарға ие болды

2026 жылдың 14–18 шілде күндері Қостанай қаласында жастар арасында асық атудан Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өтті. Ел біріншілігінде Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
🥇 Блиц бағдарламасында:
Аружан Жақыпбек – І орын.
Дәстүрлі асық ату сайысында:
🥈Серік Каусар – ІІ орын;
🥉Назерке Әуелбаева – ІІІ орын.



