Жаңалықтар
Астаналық триатлоншы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

2026 жылдың 18 шілдесінде Румынияның Изворани қаласында триатлоннан юниорлар арасындағы Еуропа кубогы басталды. Байрақты бәсекеде 14 елден келген 85 спортшы бақ сынауда.
Аталған халықаралық додада Астана қаласының спортшысы Диана Ержанова суперспринт қашықтығында жоғары нәтиже көрсетіп, барлық қарсыласын басып озып, алтын медальді жеңіп алды.
Еуропа кубогы 19 шілдеге дейін жалғасады. Ертең жарыс жолына шығатын спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!
Диана Ержанованы жарқын жеңісімен құттықтаймыз!






