Жаңалықтар
Астаналық шахматшылар әлем чемпионатында жарқын нәтиже көрсетті

2026 жылдың 15–21 сәуір күндері Сербияның Врнячка-Баня қаласында жылдам (рапид) және блиц шахматтан Әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға 40 елден 430 спортшы қатысып, өзара бақ сынасты.
Астана қаласының жас шахматшылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
🥇 Алтын жүлдегерлер (рапид):
Жакишева Венера — Д-8
Бисалиева Алиша — Д-10
🥈 Күміс жүлдегерлер:
Жауынбай Алимжан — М-12 (блиц)
Жакишева Венера — Д-8 (рапид)
Сулеймен Ергали — Ю-18 (блиц)
🥉 Қола жүлдегерлер:
Нуршин Нурали — М-10 (рапид)
Адильбек Адинур — М-8 (блиц)
Мамакова Акнур — Д-14 (блиц)




