Жаңалықтар
Қазақстандық мергендер стенд атудан азия чемпионатында алтын жеңіп алды

2026 жылғы 11 қаңтарда Катар мемлекетінің Доха қаласында стенд атудан Азия чемпионаты басталды. Аталған құрлықтық додаға 20-дан астам елдің спортшылары қатысуда.
Командалық есепте «скит» жаттығуы бойынша жасөспірімдер санатында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, алтын медальді иеленді. Жеңіске жеткен команда құрамында Астана қаласының спортшысы Заводиленко Владислав өнер көрсетті.
Сондай-ақ, Заводиленко Владислав жасөспірімдер арасындағы «скит» жаттығуының жеке сынында үздік үштіктен көрініп, қола жүлдені қанжығасына байлады.
Азия чемпионаты 22 қаңтарға дейін жалғасады.
Қазақстандық спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз!





