Жаңалықтар
Жарқын жеңіс: Астана гимнастары ел Кубогын бағындырды

2025 жылғы 24–30 қараша аралығында Павлодар қаласында батуттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының Кубогы және көпсайыс бойынша Чемпионат өтті. Барлық Қазақстаннан жиналған үздік спортшылар жарыс бағдарламаларында бақ сынасып, елордалық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті.
Қазақстан Республикасының Кубогы нәтижелері
Қос мини-трамп:
•Маулет Алихан – 1 орын
•Чернышова Евгения – 2 орын
Батут:
•Чернышова Евгения – 1 орын
Синхронды секіру:
•Чернышова Евгения – 1 орын
Қазақстан Республикасының Чемпионаты нәтижелері
Жеке бағдарлама (батут):
•1 орын – Чернышова Евгения
•2 орын – Шарапова Варвара
Жеке бағдарлама (қос мини-трамп):
•2 орын – Мәулет Әлихан
Синхронды секіру:
•3 орын – Шарапова Варвара мен Уәлихан Аружан
Аралас синхронды секіру:
•1 орын – Чернышова Евгения мен Бөлехан Арғын
Жалпы есепте, спортшылар бас қала қоржынына 5 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль салды.



