Жүлдеге ілікпесе де сыйақы алады
Олимпиада ойындары аяқталып үлгерген жоқ. Ал, спорттық порталдар атлеттеріміздің сыйақысын есептеп қойды. Біздің елде жүлдегерлерден бөлек, төртінші, бесінші және алтыншы орын алғандарға да қомақты төлем қарастырылған. Мысалы, 4-ші орынға тұрақтаған теннисшіміз Елена Рыбакинаға 30 мың АҚШ доллары табысталады. Ал, спорттық гимнастика бойынша жалпы есепте 5-ші тұрған Милад Карими 10 мың доллар сыйақы алады. Бұған қоса, қоржында 3 қола бар. Сәйкесінше, әрқайсысына 75 мың доллардан қарастырылған. Осылайша дәл қазіргі таңда спортшылармызға ел бюджетінен бас-аяғы 265 мың доллар берілуі керек. Сонымен қатар, боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев қазір жартылай финалға өтті. Бұл кемінде 1 медаль болады деген сөз. Жүлде күтіп отырған басқа былғары қолғап шеберлеріміз бүгін шаршы алаңға шығады.