Жаңалықтар

Жүгіруден онлайн жарыс басталды

Бұндай форматтағы дода өткен жылы короновирусқа қатысты жағдай ушыққанда қолға алынған. Ал, қазір дәстүрлі бәсекелердің біріне айналды. Оның аясында қатысушылар 5 жас деңгейі бойынша сынға түседі.  Бүгінде дейін 200-ге жуық адам бағын сынап көрді. Барлық қатысушы алдымен триатлон паркке келіп тіркелуі тиіс. Одан кейін осы жерде жеке-жеке жүгіреді. Ал, көрсеткіш арнайы мобильді қосымша арқылы алынады. Жарыс қыркүйектің 6-сына дейін жалғасады. Егер карантиндік талаптар жеңілдетілсе бұқаралық жүгірстер де өткізуге дайынбыз дейді ұйымдастырушылар. «Барлығы өте жақсы қатысып жатыр. Жақсы бір шешім шығардық. Жарысымыз таңғы сағат 06:00 мен 09:00 аралығында, кешке де 18:00 мен 21:00 аралығында өтеді. Біреу жұмыс істейді, біреу бос, бәріне ыңғайлы болады» -дейді қалалық Спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу дирекциясының бөлім басшысы Дәулет Хамзин.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button