Жаңалықтар
Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында Астана құрамасының қоржыны толықты

2026 жылдың 27–28 наурыз күндері Алматы қаласында барлық жас ерекшеліктері арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарысқа еліміздің 17 өңірінен 356 спортшы қатысып, шосседе жүгіру, спорттық жүріс және лақтыру түрлері бойынша мықтылар анықталды.
Астана қаласының намысын 8 дисциплинадан 19 спортшы қорғап, жоғары нәтиже көрсетті. Елордалық атлеттер жарыс қорытындысы бойынша 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
🥇 Туранова Алия – 10 км
🥇 Мұрат Нұрболсын – 5 км
🥈 Құмырбекқызы Айтұнық – 5 км
🥈 Мухидин Сезім – диск лақтыру
🥉 Қуандық Ұлар – 5 км спорттық жүріс
🥉 Мухидин Сезім – найза лақтыру





