Жаңалықтар
Жастар ойынына дайындық
Дзюдодан елорданың жастар және жасөспірімдер құрамасы дәл қазір Ақмола облысында шеберлік шыңдап жатыр. «Арнайы әзірлік 17 күнге созылады. Осы аралықта жалпы физикалық жаттығулар жасаймыз. Техника және тактиканы жетілідурге де күш саламыз»,- дейді аға жаттықтырушы Мейірлан Баймаханбетов. Айта кетейік, Жастар ойыны наурыздың басында Орал қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. Елдегі эпидемиялогиялық ахуалға байланысты оның уақыты өзгеруі де мүмкін.