Жаңалықтар

Жасөспірімдер арасындағы чемпионат

Ел үздіктері елордаға жиналды. Бұнда жүзуден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Ішкі біріншілікке бас-аяғы 315 спортшы қатысып жатыр және бұл өзіндік рекорд дейді ұйымадстырушылар. 15 жасқа дейінгі өрендер енді 5 бағыт бойынша өзара мықтыны анықтайды. Оның ішінде брасс, баттерфляй, эстафета, кроль және шалқалай жүзу түрлері бар. Чемпионат нәтижесінде жас үміткерлер спорттық рарядттарын арттыра алады. Ал, ең жақсы өнер көрсеткендері ұлттық құрамаға алынып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындалады. Жарыстың алғашқы күні жергілікті спортшылар арасынан Арсен Қожахметов қарсылас шақ келтірмей, ел чемпионы атанды. Ол 100 метрнге брасс әдісімен жүзу бәсекесіне қатысқан еді. Ал, қыздар арасындағы эстафетада елордалық Марина Дементьева, Александра Зунзяк, Аяулым Жанұзақ және  Екатерина Боцман төрттігі күміс жүлдеге қол созды. Бұған қоса, қоржынымызда 3 қола медаль бар. Оны Александр Журбин  мен Марина Дементьева жеңіп алды. Марина қос қашықтықта, яғни, 50 метрге баттерфляй әдісімен және 400 метрге шалқалай жүзуде үздік үштікті түйіндеді. Нұр-Сұлтан қаласындағы чемпионат 30-шы мамырға дейін жалғасады.

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button