Жаңалықтар
Жас зияткерлер Баян-Өлгийден жеңіспен оралды

2026 жылдың 6–17 наурыз күндері Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында халықаралық жарыс өтті. Додаға Ресей, Моңғолия және Қазақстан спортшылары қатысып, өзара бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша астаналық спортшылар ойдағыдай нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
🥇 Мейрамхан Ислам
🥇 Рахимжанова Айару
🥈 Алтынбек Мерген
🥉 Садыков Саян
🥉 Хажибаев Сұлтанбек
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!





