Жаңалықтар

Жас шорт-трекшілердің әлемдік аренадағы жеңісі

2026 жылдың 29 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтті.

Аталған біріншілікте Қазақстанның жастар қыздар құрамасы 3000 метрге әйелдер эстафетасында үшінші орын алып, ел қоржынына қола жүлде салды. А финалда құрама сапында ел намысын астаналық шорт-трекші Нурия Алпысбай қорғады.

Айта кетейік, бұл жарыста алтын жүлдені Оңтүстік Корея құрамасы иеленсе, күміс медаль Қытай командасына бұйырды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button