Жаңалықтар

Жарыстар кестесі шықты

Сұрмергендер сайысы алдағы айда жанданады. Садақ ату спорты бойынша жарыстар кестесі шықты. Ең алдымен жастар бәсекесі болады. Олар наурыздың 1-і мен 7-сі аралығында Алматыда сынға түседі. Ал, ересектер арасындағы аламан наурыздың соңына жоспарланып отыр. Одан кейін сәуір айында жастар ойыны бар. Бұл жөнінде бізге Нұр-Сұлтан қаласы құрамасының жаттықтырушысы Мария Соседова мәлімдеді. Айта кетейік, биылғы Қазақстан чемпионаты ақпанның басында елордада өтуі керек еді. Қаладағы эпидахуалға байланысты кейінге шегерілді. Қалыптасқан жағдайға байланысты садақ ату шеберлері бір жылдан аса уақыт жарыстарға қатыспады. Енді құзырлы федерация көктемнің соңына дейін ел чемпионаттарын толық өткізуді көздеп отыр. Одан кейін олимпиаданың қарбаласы басталады. Еске сала кетейік, Қазақсан құрамасында қазір бір лицения бар.  Оны жігіттер 2019 жылы командалық сында жеңіп алды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button