ЖаңалықтарМекеменің мәдени өмірі

Жәмилә Бақберненованы Н.Ә.Назарбаев әуежайынан салтанатты түрде қарсы алу іс-шарасы өтті.

Әйелдер күресінен 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Жәмилә Бақберненованы Н.Ә.Назарбаев әуежайынан салтанатты түрде қарсы алу іс-шарасы өтті.

Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтуде.

Әлемдік дода бәсекесінде әйелдер күрес түрінен Астаналық палуан қызымыз Жәмилә Бақбергенова қола жүлдегері атанды. Әлемнің үш дүркін жүлдегері Жәмила 72 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен болатын.
Айта кетейік, Жәмилә Бақбергенова 2019 жылы Норвегия астанасы Осло қаласында – күміс, 2022 жылы Белград (Сербия) қаласында да күміс жүлдеге ие болған болатын.

Аталмыш палуандар бәйгесінде әлем бойынша 77 мемлекеттің 1000 тарта мықтылары қатысуда.

2023 жылғы әлем чемпионаты қыркүйектің 24 дейін жалғасады.

 

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от СПОРТ | ОЛИМПИАДА | АСТАНА (@drs_olympic_astana)

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button