Жаңалықтар

Ыстық-көл жағалауында Қол күрестіруден Азия Чемпионаты өтті.

Қырғызстан мемлекеті Чолпан-ата  қаласында Ыстық-көл жағалауында Қол күрестіруден  2017 жылдың 5 мен 12 маусым аралығында Азия Чемпионаты өтті. Жарысқа  Қазақстан, Қырғызстан, Индия, Иран, Моңғолия, Пәкістан, Оңтүстік Корея, Жапония, Тәжікстан, Түркіменстаннан 430-дан астам спортшылар қатысты. «Толағай» ЖСШМ» КММ-нен ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері  мектебіміздің намысын қорғап жүлделі орындардан көрінді.

Жарыс алдында спортшыларымыз оқу-жаттығу жиындарын, психологпен жұмыс жасады.

  • Ахмедов З. – 70 келі салмақ дәрежесінде І орын (сол қол), І орын (оң қол)
  • КобесовА. – 110 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын (сол қол), ІІІ орын (оң қол)
  • Кузьмин И. – І орын (оң қол)
  • Дзеранов Г. – 100 келі салмақ дәрежесінде  І орын (оң қол)
  • Кушьялов Р. – ІІ орын (оң қол)

Спортшыларымызды құттықтаймыз!

 

 

 

 

 

#smileAstana #АсетИсекешев #Astana_Akimat #Astanasportivnaya#Astana#Kazakhstan

Ұқсас мақалалар

Back to top button