Жаңалықтар

Валентина Хальзова – «Странджа» турнирінің қола жүлдегері

23 ақпан мен 1 наурыз аралығында Болгарияда өткен 77-ші халықаралық Странджа турнирі мәресіне жетті. Дәстүрлі додаға 31 мемлекеттен 338 боксшы қатысып, жоғары деңгейде жүлделерді сарапқа салды.

Астана қаласының өкілі, ұлттық құраманың тәжірибелі спортшысы, әлем чемпионы Валентина Хальзова 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, турнирдің қола медалін иеленді.

Жартылай финалда отандасымыз 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, аустралиялық Эмма-Сью Гринтримен тартысты айқас өткізді. Терезесі тең өткен жекпе-жек қорытындысында төрешілер шешімімен қарсылас 4:1 есебімен басым түсті.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button