Жаңалықтар
Түркістанда өткен С. Рахимов атындағы еркін күрестен турнирде астаналық балуандар жүлдемен оралды

2025 жылдың 11–16 қараша күндері Түркістан қаласында С. Рахимовтың жүлдесіне арналған еркін күрестен дәстүрлі республикалық турнир өтті. Дүбірлі додаға еліміздің өңірдерінен келген 18 командадан 200-ге жуық спортшы қатысты.
Астана қаласының спортшылары жарыста жақсы нәтиже көрсетіп, бірнеше жүлдені қанжығасына байлады. Атап айтқанда, Қойлыбек Азат 61 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды жеңіп алып, спорт шебері атағын орындаса, Үмітбек Мұрат осы салмақ дәрежесінде 2-орын алды. Ал Әпсәлім Ердәулет 90 келі салмақ дәрежесі бойынша 3-орынға ие болды.





