Жаңалықтар
Түркістан облысында таеквондодан (WT) жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті

2026 жылдың 3–9 ақпан күндері өткен республикалық додаға еліміздің 17 облысы мен 3 қаласынан 700-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті.
Атап айтқанда:
• –44 кг салмақта елорда спортшысы Айым Серікбаева алтын медаль жеңіп алды;
• –52 кг салмақта астаналық Шералы Элеонора чемпион атанды.
• –59 кг салмақ дәрежесінде астаналық таеквондошы Әділ Тілеубай қола жүлдеге ие болды;
Айта кетейік, Астана қаласының спортшылары Шералы Элеонора (–52 кг) мен Айым Серікбаева (–44 кг) жастар арасында 17–21 сәуір күндері Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.





