Жаңалықтар
Ташкентте кадеттер арасында Азия кубогы өтті

7–13 қыркүйек аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында кадеттер арасында семсерлесуден Азия кубогы өтті. Байрақты бәсекеде астаналық жас спортшылар табысты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Найза, ұлдар:
- Естеу Мансур – 1-орын (жеке)
- Естеу Мансур – 1-орын (топтық)
Қылыш, қыздар:
- Какенова Айганым – 2-орын (топтық)
- Югай Леона – 2-орын (топтық)
- Сыздык Айша – 2-орын (топтық)
Найза, қыздар:
- Жумабаева Гульсина – 2-орын (топтық)
Жарыс барысында бас қала спортшылары жоғары кәсібилігін дәлелдеп, ел қоржынына бірқатар медаль сыйлады.







