Жаңалықтар
Тарихи жетістік: Астаналық шорт-трекші әлем рекордын жаңартты

2026 жылдың 29 қаңтары – 1 ақпаны аралығында АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтиже тіркелді.
Астаналық спортшы Богдан Вехов 1000 метр қашықтықта 1:21.958 уақыт көрсетіп, жаңа әлем рекордын орнатты.
Бұл көрсеткіш — осы санат тарихындағы ең үздік нәтиже.
Айта кетейік, бұған дейінгі әлем рекорды кореялық спортшы Джу Джехиға тиесілі болған. Ол 2024 жылдың 15 қарашасында Италияның Бормио қаласында өткен ISU жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында 1:22.352 уақыт тіркеген еді.
Сонымен қатар, әлем чемпионаты қорытындысы бойынша Богдан Вехов 1000 метр қашықтықта қола жүлдеге ие болды.
Бұл жетістік елорда спорты мен Қазақстан шорт-трегі тарихындағы маңызды әрі тарихи белес.






