Жаңалықтар

Тараз төріндегі тартысты бәсекеде астаналық балуандар алтыннан алқа тақты

2026 жылдың 14–19 наурыз күндері Тараз қаласында еркін күрестен U15 және U23 жас ерекшеліктері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:

🥇 Ризабек Айтмұхан (U23, 125 кг)
🥇 Зелимхан Цицкиев (U15, 85 кг)
🥉 Нұрсейіт Тоқтар (U23, 97 кг)

Финалдық белдесулерде астаналық балуандар айқын басымдық танытты. Зелимхан Цицкиев те, Ризабек Айтмұхан да қарсыластарын нәтижелі әдістері арқылы мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, чемпион атанды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button