Жаңалықтар

Таеквондодан әлемдік турнирлер өтпейді

Халықаралық федерация, әсіресе, жарыс күнтізбесіндегі екі ірі жарыстың мүлде болмайтынын мәлімдеді. Бұл Sudan Open және Puerto Rico Open додалары. Осы уақытқа дейін аталған бәсекелер бірнеше рет кейінге қалдырылған. Енді оны ұйымдастырмау туралы шешім қабылданды. Айта кетерлігі, халықаралық таеквондо федерациясы азиялық олимпиадалық іріктеу турнирін де кейінге шегерген еді. Оның нақты қашан өтетіні әлі белгісіз. «Бұндай жағдайлар спортшыларды әбден әуре-сарсаңға салады», – дейді біздің мектеп бапкері Нұрболат Жанбиров. Мәселен, карантинге дейін елордалық спортшылар арнайы оқу-жаттығу жиынын өткізіп, рейтингтік Beirut Open жарысына баруға қамданған. Тіпті,  визаларды дайындап, ұшақ билеттеріне алын-ала тапсырыс та беріп қойыпты. Бірақ, жарыс болмай қалды.  Дәл осылай карантин алында Тараз қаласында Арман Шілманов атындағы халықаралық турнир де өтпеді. Бұндай жағдайлар жарысқа қатысушыларға да, оны ұйымдастыратындарға да ауыр соққы. Сондықтан, қалыптасқан жағдай тезірек бірқалыпқа түсіп, эпидемиялогиялық ахуал жақсарып, карантиннің отандық спортқа кесірі көп тимейді деген үмітте білікті бапкер.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button