Жаңалықтар

Сырқаттар спорт нысандарына жатқызылуы мүмкін

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мегаполистегі эпидемиологиялық жағдай туралы жан-жақты баяндады.

– Алматыда эпиде­мио­ло­гия­лық жағдай күрделі, бірақ бас­қа­руға болады. Қазір стационарлар мен алғашқы санитарлық-ме­ди­циналық көмек көрсету ұйым­да­рында медициналық көмекті ұйымдастыру жұмыстары толық жүр­гізіліп жатыр. Бастапқыда қала­­д­ағы жұқпалы ауруларға ар­нал­­ған кереует саны екі ауруха­нада 500 орыннан аспайтын. Қазір төрт есеге көбейіп, шамамен 2 мың кереуетті құрайды, бо­лашақта 7 есеге көбейеді. Төсек-орындардың ұлғаюы басқа кли­никаларды қайта құру жолымен, жаңа ауруханалардың ашы­луымен, сондай-ақ «Халық Арена» және «Алматы Арена» спорттық базаларында ауруханалар ашу арқылы қамтамасыз еті­леді. Бұл кешендер инфек­ция­лық қауіпсіздік талаптарына ең қолайлы болғандықтан таң­далды. Атап айтқанда, таза және лас аумақтардың ағынын қарас­ты­ратын ішкі аумақта секциялық бөлініс бар. Тағы бір маңызды артықшылығы – бір уақытта 500 немесе одан да көп пациентті орналастыруға болады, бұл адам ресурстарын ұтымды пайдалану тұрғысынан өте маңызды. Себебі кадрлардың жетіспеушілігімен бір уақытта әртүрлі ұйымдарды ме­ди­циналық кадрлармен қам­та­­ма­сыз ету қиынға соғады, – деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button