Жаңалықтар

Сурдо дзюдо және сурдо таеквондодан 2024 жылғы әлем чемпионатының

 

Сурдо дзюдо және сурдо таеквондодан
2024 жылғы әлем чемпионатының
жүлдегерлерін «Астана қаласының спортты дамыту
дирекциясы» басшысы Олжас Акимов қабылдап, командалық жеңістерімен құттықтады.
Айта кетейік, Астана құрамасы сапында әлемдік додаларда Сабыржан
Хапизов (сурдо дзюдо) – қола, Руслан Ахметов (сурдо таеквондо) – қола еншілеген болатын.

Сондай-ақ, кездесу жиыны Астана қаласының «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы»
КММ басшысы – Дастан Қанаткановтың қатысуымен жалғасты.
Кездесуде дзюдо ардагері, самбо, дзюдодан шеберлер арасындағы әлем чемпионы (2011), аталған спорт түрлерінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2024 жылы өтетін Азия чемпионатының қатысушысы –
Орынбай Сейдағаламұлы өзінің спорттық жетістіктерімен бөлісті.

Айта кетейік, дзюдо майталманы Орынбай Сейдағаламұлы ағымдағы жылдың 11-17 мамыр аралығы Ақтау қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысатын болады.
Сәттілік тілейміз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button