Жаңалықтар
СУРДЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН АЗИЯ ТЫНЫҚ МҰХИТЫ АЙМАҒЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ
Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан чемпионатта келесі спорт түрлері бойынша жүзден жүйріктер анықталады.
– Таеквондо;
– Дзюдо;
– Грек-рим;
– Еркін күрес;
Оның ішінде, таеквондо (2-10 наурыз ) бойынша ел намысын қорғаған Астаналық спортшы Руслан Ахметов 80 кг салмақ дәрежесінде Қазақстан ұлттық құрама командасы қоржынын қола медальмен толықтырды. Ал, таеквондодан жалпы есепте 1 алтын, 4 күміс 9 қола медаль бар.
Есту қабілеті зақымдалған спортшылар арасында өтіп жатқан жарыста
60 аса спортшы қатысуда.
Бүгін, 4 наурыз аталған дода дзюдо спорт түрінен жалғасты. Дзюдо бойынша бақталасты спортшымыз (Астана қаласынан) Сабыржан Хапизов тізгіндеді.