Жаңалықтар
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАСҺМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Су добынан Сингапурда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Өзбекстан құрамасынан 12:6 есебімен басым түсті. Бәсекенің үздік ойыншысы қазақстандық Виктория Христанкова атанды.
Айта кетейік, отандастарымыз Азия чемпионатында алты кездесуде де жеңіске жетіп, барлығы 15 ұпаймен мерзімінен бұрын сары құрлық додасында алтыннан алқа тақты. Енді олар мамыр айында жалауы желбірейтін Әлем Кубогына қатысады.
Сондай-ақ еліміздің ерлер құрамасы жартылай финалда Қытайға 1:10 есебімен жол берді. Ал бүгін олар қола жүлде үшін айқаста Таиландпен кездеседі.
Қазақстандық спортшылар топтық кезеңде Филиппинді 19:6, Гонконгты 22:7 есебімен жеңсе, Иранға 14:15 есебімен есе жіберді. Ал ширек финалда Сингапурды 10:7 есебімен жеңген болатын.