Жаңалықтар

Спортшыларымыздың жеңісі: алтын және екі қола

Истаравшан қаласында (Тәжікстан) өткен күрестен Орталық Азияның ашық чемпионатында «Толғай» ЖСШМ спортшылары бір алтын және екі қола медальін жеңіп алды.
Жарыс 27-29 сәуір аралығында Истаравшан қаласында өтті. Чемпионат жарыстың 5 салмақтық дәрежедегі техникалық ережелері бойынша болды. 4 мемелекеттен барлығы 65 спортшылар қатысты: Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекстан, Тәжікстан.
Финалда Сатпаев Дидар Тәжікстан спортшысын жеңіп, 62кг. салмақтық дәрежеде алтын медаль иегері атанды және 62кг.салмақтық дәрежеде Мұратхан Берікбол мен 68кг. дейінгі салмақтық дәрежеде Құрбанкұлов Әуесхан қола медальдарды мектеп қоржынына салды.
Спортшыларымызды және олардың жаттықтырушылары Сатбаев Ерлан Қабдұлұлын және Қалиев Секен Орлабайұлын құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Back to top button