Конькимен жүгіру спорты

 

Конькимен жүгіру – ескі спорт түрлерінің бірі болып табылады. Археологтармен табылған ең ертедегі конькилер 3200 жыл бұрын Солтүстік Қаратеңіз жағасында өмір сүрген көшпенді киммерия тайпасына жатқан. Алғашқы ресми жазып алынған жарыстар 1763 жылы қаңтарда Ұлыбританияда өткізілген. Дистанцияны 46 минутта 15 миля жүгіріп өткен Лэмб мырза жарысты ұтып алған. Коньмен шапшаң жүгіру спорт түрі болып ХІХ ғасырдың екінші жартылайында дамыту алды. 1742 жылы Эдинбургта әлемде бірінші конькимен жүгіру клубы құрылды, ал 1830 жылы осындай клубтар Лондон және Глазгода пайда болды, 1849 ж. – Филадельфияда, 1863 ж. – Нью-Йоркта, 1864 ж. – Тронхейм және Петербургте. 1879 жылы Англияда конькимен жүгіру спортының ұлттық федерациясы құрылды. 1879 ж. 8 желтоқсанда Англия әлем бойынша алғашқы рет ұлттық біріншілікті ұйымдастырды. 1889 жылы Амстердамда, Нидерладда конькимен жүгірушілер арасында бірінші әлем чемпионаты өткізілді. Ресейлік Александр Паншин жеңімпаз атанды. Үш жыл өткен соң Халықаралық конькимен жугірушілер одағы (ИСУ) құрылып, қазіргі уақытта 60 астам ұлттық федерацияларды бірлестіруде. ИСУ 1889 жылы жарыстарды кәсіби деп жариялап, 1893 жылы Амстердамда бірінші ресми ерлер арасында Әлем Чемпионаты өткізілді. Әйелдер арасындағы Әлем Чемпионаты 1936 жылдан бастап өткізіледі. Қысқы олипиада ойындарының бағдарламасына ерлер арасындағы шапшаң жүгіріс ең басынан 1924 жылы кірген, 1960 жылдан бастап әйелдер арасындада жарыстар өткізіліп жатыр.

Back to top button