Кикбоксинг

Кикбоксинг (ағылш. kіck – тебіс және бокс) – шығыс жекпе-жек түрлеріне (каратэ, таэквондо, тай боксы, у-шу) және ағылшын боксына негізделген спорт түрі. Классик. Кикбоксинг ережелері бойынша, жекпе-жек спортшылардың толық түйісуі бойынша өтеді, яғни бас пен денеге берілетін соққы аяқпен де, қолмен де орындалады. Кикбоксинг, алғашында, Америкада таралған. “Кикбоксинг” терминін айналымға осы спорт түрінен дүние жүзінің көп дүркін чемпионы, америкалық киноактер Чак Норрис енгізген. 1974 ж. қыркүйек айында Америкада К-тің фул-контакт түрінен тұңғыш рет жарыс ұйымдастырылған. Мұнан соң Кикбоксингке лоу-кик түрі қосылды. Сонымен, қазір Кикбоксингтің екі түрі бар. Фул-контакт тай боксына ұқсас болса, лоу-кик, көбінесе, аяқпен әрекет жасайтын жапондық жекпе-жектерге ұқсас. Қазақстан кикбоксшыларының деңгейі өте жоғары. Елімізде ондаған дүние жүзі, Еуропа чемпиондары бар. Спорттың осы түрінің дамуына Сабыржан Махметов айтарлықтай үлес қосты. Ол А.Можанов, А.Бұсырманов, Е.Қайыпжанов, Е.Шегенов, А.Қоханов, Ғ.Досаев дүние жүзі, Еуропа чемпиондары атанды.

Back to top button