Жаңалықтар
Софья Самоделкина Төрт құрлық чемпионатында қысқа бағдарламада топ-10 қатарына енді

Мәнерлеп сырғанаудан Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатында әйелдер арасындағы қысқа бағдарлама өз мәресіне жетті. Аталған жарыста Астана қаласының спортшысы Софья Самоделкина 62,29 ұпай жинап, 9-орынға тұрақтады.
Бұл чемпионатқа Азия, Африка, Америка және Океания құрлықтарынан келген 17 елдің 100 спортшысы қатысуда. Айта кетейік, өткен жылы Софья Самоделкина аталмыш турнирде әйелдер арасындағы жекелей сырғанау бойынша қысқа бағдарламада 63,98 ұпай жинап, 8-орын иеленген болатын.
Ертең спортшылар әйелдер арасындағы еркін бағдарламада сынға түседі.
Сондай-ақ, Софья Самоделкина 2026 жылдың ақпан айында Италияда өтетін ХХV қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының намысын қорғайды.






