Жаңалықтар

Шорт-тректен ҚР чемпионаты: екінші күннің қорытындысы

Астана қаласында өтіп жатқан шорт-тректен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында елордалық спортшылар жарыстың екінші күнінде де жоғары нәтиже көрсетті.

500 метр қашықтықта әйелдер арасында сынға түскен Ермек Малика мәреге бірінші келіп, алтын медаль иеленді. Осы қашықтықта ерлер арасында Цой Павел чемпион атанса, Ғалиахметов Әділ үшінші орынға тұрақтап, қола жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ, командалық бәсекелерде де астаналық спортшылар үздіктер қатарынан көрінді. Ерлер арасындағы 5000 метрлік эстафетада елордалық команда тамаша нәтиже көрсетіп, 1-орынды жеңіп алды. Команда құрамда Ғалиахметов Әділ, Жолдас Тамирлан, Вехов Богдан, Нәсен Айбек, Тәжібай Дінмұхамедалдияр өнер көрсетті.
Әйелдер арасындағы 3000 метрлік эстафетада Астана құрамасы 3-орын иеленді. Құрама сапындағы шорт-трекшілер: Ермек Малика, Гамидова Карина, Алпысбай Нұрия, Алтынбек Айзада, Айтыбек Даяна.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының чемпионатына еліміздің өңірлерінен келген 120 спортшы қатысуда.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button