Шорт-тректен халықаралық турнир: Қазақстан құрамасы жүлдегер атанды

21–23 қаңтар күндері Қытай Халық Республикасының Хэйлунцзян провинциясына қарасты Цитайхэ қаласында орта жастағы жасөспірімдер арасында шорт-тректен халықаралық турнир өтті.
Байрақты бәсекеде Қазақстан Республикасының құрама командасы табысты өнер көрсетіп, бірқатар жүлделі орындарды еншіледі.
Атап айтқанда, орта жас санатындағы қыздар арасындағы эстафетада (3000 м) қазақстандық команда 2-орынға ие болды. Құрама сапында өнер көрсеткен астаналық шорт-трекшілер: Мағауия Алуа, Гамидова Карина.
Сондай-ақ, орта жас санатындағы ұлдар арасындағы эстафетада (5000 м) қазақстандық команда 2-орынды иеленді. Бұл жарыста Астана қаласының спортшысы Алибаев Нурали ел намысын қорғады.
Аралас эстафетада Қазақстан құрамасы 3-орынға тұрақтады. Құрама құрамында астаналық спортшылар Алибаев Нурали мен Гамидова Карина өнер көрсетті.






