ЖаңалықтарМекеменің мәдени өмірі

Шорт-тректен әлем Кубогының күміс жүлдегері – Абзал Ажғалиев елге оралды

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от СПОРТ•ОЛИМПИАДА•АСТАНА (@drs_olympic_astana)

Бүгін, 10 қарашаға қараған түні, Астана уақытымен 3:25 Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайынан шорт-тректен Әлем Кубогының күміс жүлдегері – Абзал Ажғалиев пен команда құрамы елге оралды. Ел мақтанышын зор қошеметпен қарсы алушылар қатарында «Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыт» дирекциясы ұжымы да бой көрсетті.
Көк туымызды асқақтатып, әнұранымызды шырқатып жүрген әрбір спортшының жетістігі – спорт әлемінде тарих болары хақ.

Естеріңізге салсақ, шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Канаданың Монреаль қаласында өткен Әлем Кубогының алғашқы кезеңінде эстафетада екінші орын алған болатын. Бұл квартетте мәре сызығын Оңтүстік Корея бірінші болып қиды (7:01.850). Ал біздің Ұлттық құраманың нәтижесі: 7:07.972 мынадай. Қола медаль Канадаға бұйырды.
Ал, осы құрама АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен Әлем Кубогының 2-кезеңінде Қазақ еліне күміс медальді сыйлаған болатын. Осы тұста Абзал Әжіғалиевтің 500 метр қашықтықта өнер көрсетуін ерекше атауға болады. Жерлесіміз жарыста тек канадалық Максим Лауннан қалып кетті. Үздік үштікті оңтүстік кореялық Ли Жун Со түйіндеді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button