Шинкиокушинкай шеберлері Польшадан алтынмен оралды

2025 жылдың 7 желтоқсанында Польшаның Варшава қаласында шинкиокушинкай каратэ бойынша дәстүрлі “KOKORO CUP 2025” халықаралық турнирі өтті. Байрақты бәсекеге Польша, Қазақстан, Литва, Чехия, Жапония, Венгрия, Грузия және Украина елдерінен 300-ден астам спортшы қатысты.
Астана спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, турнирде топ жарды.
Елорда спортшыларының нәтижелері:
🥇 Рубахов Кирилл — U-22, -76 кг, 1-орын
🥇 Қасымова Жания — U-22, -63 кг, 1-орын
🥇 Осипенко Алина — U-22, +63 кг, 1-орын
🥈 Дүзбаев Ерхан — U-22, -76 кг, 2-орын
Сонымен қатар, Қасымова Жания ерекше техникасы, жігерлілігі мен айрықша дайындығы үшін “The Best Spirit” арнайы марапатымен марапатталды.
Астана каратэшілері халықаралық аренада жоғары шеберліктерін дәлелдеп, ел намысын лайықты деңгейде қорғады. Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! ОСС!





