ШАХМАТТАН ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТҚАН ЧЕМПИОН
15 маусым, Астана әуежайына жеңіспен оралған Қазыбек Нөгербекті елорданың спорт саласы мамандары және оның туыстары зор қошеметпен қарсы алды.
Мерекелік көрісуде «Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы» басшысының орынбасары және мекеме мамандары бой көрсетіп, жеңімпазды жеңісімен құттықтады.
Үндістанның Гандинагар қаласында шахматтан өткен 2024 жылғы әлем чемпионатында гроссмейстеріміз 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында ел намысын абыроймен қорғады. Осылайша, Астана қаласы қоржынын алтын медальмен толықтырды.
Жалпы бәсеке алаңында 40 елден 125 спортшы өз бақтарын сынап, ұшқыр-ойлы білімдерін ортаға салды.
Айта кетейік, Қазыбек Нөгербек Қазақстандық шахматшылардың 7 жылдан кейінгі үздігі атанды.
Дәл осындай жетістікке қол жеткізген спортшыларымызды атап өтсек, – Дармен Сәдуақасов
(1998), Динара Сәдуақасова (2016) және Жансая Абдумалик (2017).