Жаңалықтар

Семейде дзюдодан «ABAI OPEN» республикалық турнирі өз мәресіне жетті

2026 жылдың 21–22 наурыз күндері Семей қаласындағы «Арена» спорт кешенінде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында «ABAI OPEN» республикалық турнирі өтті.

Аталған жарысқа еліміздің үш қаласы мен барлық облыстарынан келген 400-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Республиканың әр өңірінен іріктелген балуандар 14 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде белдесіп, тартысты кездесулер өткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша елорда спортшысы Дүйсенхан Ерсұлтан 73 келі салмақ дәрежесінде үздік нәтиже көрсетіп, 1-орынға ие болды 🥇

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button