Жаңалықтар

Самбо күресінен Әлем Кубогының өткізілетіндігін хабарлаймыз !

Құрметті оқырмандар!
Елордамыз-Астанада 5 мен 7 шілде аралығында  қала күніне орай Самбодан ҚР тұңғыш президенті Н.Назарбаев жүледесі үшін Әлем Кубогының кезеңі өтеді деп күтілуде. Осы елеулі жарысқа Астана қаласы әкімдігінің «Толағай» ЖСШМ» абыройын келесі спортшыларымыз қорғайды.
– 57 келі салмақ дәрежесінде Сүлейменов.А (самбодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері,үш дүркін Әлем Чемпионатының жеңімпазы және көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы).
– 60 келі салмақ дәрежесінде Кенбеил Ажар (самбодан спорт шебері, 2017 жылғы Әлем Кубогы кезеңінің кола жілдегері).
– 90 келі салмақ дәрежесінде Зекенов Алибек (самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азия чемпионы, Қазақстан Республикасы Чемпионаттарының жеңімпазы).
Спортшылардың салмақ өлшеуі –  5 шілде, сағат: 17:00 ден 18:00 дейін.
Жарыстың басталуы: 10:00-де.
Жарыстың өтетін орны: С/К Даулет. 
Спортшыларымызға сәттілік және жеңіс тілейміз !

Ұқсас мақалалар

Back to top button