Жаңалықтар
Ризабек Айтмұхан Албаниядағы турнирде қола медаль иеленді

Албанияда күрес түрлерінен өтіп жатқан рейтингтік турнирде Астана қаласының балуаны Ризабек Айтмұхан (-97 кг) қола жүлде жеңіп алды.
97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан үшінші орын үшін белдесуде Үндістан өкілі Джойнти Кумармен кездесіп, айқын басымдықпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ол қарсыласын небәрі 23 секундтың ішінде 10:0 есебімен ұтып, турнирдің қола медалін иеленді.
Бұған дейін жартылай финалда Ризабек ресейлік спортшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы және бес дүркін әлем чемпионы Абдулрашид Садулаевқа 3:14 есебімен есе жіберген еді.





